АЭжБУ БАО-нда энергетика саласының мамандарына арналған үш курс бойынша сертификаттар табысталды
06.11.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында үш білім беру бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды. Курстардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Тыңдаушылар келесі курстардан өтті:
«Электр желілерінің электр жабдығын монтаждау және жөндеу»;
«Күштік трансформаторларды, генераторларды және кабельдерді диагностикалау»;
«Жоғары вольтты желілерді пайдалану».
Бағдарламаларға «KEGOC» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Энергосистема» ЖШС мамандары қатысты.
Бағдарламалар Қазақстанның энергетика секторы кәсіпорындарының инженерлік-техникалық персоналының электр жабдығы мен электр желілерін монтаждау, жөндеу, диагностикалау және пайдалану саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталды.