АЭжБУ БАО-нда екі курс аяқталды — тыңдаушыларға сертификаттар табысталды

25.09.2026

ғылым білім курстар

Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында екі білім беру бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды. Курстардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Оқытудан келесі ұйымдардың өкілдері өтті:

  • «ПГУ Туркестан» ЖШС — «Бу турбиналарын пайдалану» курсы;

  • «Казахтелеком» АҚ — «Huawei OptiX OSN 9800» курсы.

Бағдарламалар энергетика және телекоммуникация салаларының мамандарының бу турбиналарын пайдалану және заманауи оптикалық транспорттық жабдық саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталды.