АЭжБУ БАО-нда энергетика және өнеркәсіп мамандарына арналған біліктілікті арттырудың жеті курсы аяқталды

13.11.2026

ғылым білім курстар

Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында Қазақстанның жетекші энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарының мамандарына арналған біліктілікті арттырудың кезекті бағдарламалары сәтті аяқталды.

2026 жылғы 2–13 қараша аралығында тыңдаушылар мынадай бағыттар бойынша оқудан өтті:

  • «Таратушы электр желілерінің релелік қорғанысы». Оқытушылар: Башкиров М.В., Жағыпаров Е., Амиркулов Б. Қатысушылар: «Samruk Business Academy» ЖМ, «АлЭС» АҚ;

  • «Электр желілерінің электр жабдығын монтаждау және жөндеу». Оқытушы: Курпенов Б.К. Қатысушылар: «Энергосистема» ЖШС;

  • «Қосалқы станциялардың электр жабдығын пайдалану және жаңғырту». Оқытушы: Курпенов Б.К. Қатысушылар: «KEGOC» АҚ — «Солтүстік МЭС»;

  • «Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу». Оқытушы: Михалкова Е.Г. Қатысушылар: «Павлодар РЭК» АҚ, «Энергосистема» ЖШС;

  • «Электр желілерінің жұмыс режимдерін есептеу және талдау». Оқытушы: Михалкова Е.Г.;

  • «Электр қозғалтқыштарды басқаруға арналған жиілікпен реттелетін жетек». Оқытушы: Кузьмин Ю.В. Қатысушы: «Tengri Tyres» ЖШС;

  • «Жиілікпен реттелетін айнымалы тоқ электр жетектері». Оқытушы: Кузьмин Ю.В. Қатысушылар: NCOC, «Kazakhstan Recruitment & Training Service» ЖШС.

Оқыту кәсіби білімді тереңдетуге, практикалық дағдыларды жетілдіруге және электр жабдығын пайдалану, қызмет көрсету және басқарудың заманауи технологияларын меңгеруге бағытталды. Тыңдаушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.

Оқытушыларға жоғары кәсібилігі үшін, ал тыңдаушылар мен серіктес ұйымдарға сенімі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз. АЭжБУ Біліктілікті арттыру орталығы ынтымақтастыққа ашық және энергетика саласының заманауи талаптарына жауап бере алатын мамандарды даярлайды.