АЭжБУ БАО-нда газпоршенді және дизельді электр станциялары курсы аяқталды
11.11.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «Газпоршенді және дизельді электр станцияларын пайдалану, жөндеу және баптау» курсы аяқталды. Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Оқытудан «Маңғыстау Энерго Мұнай» қызметкерлері өтті.
Курс бағдарламасы газпоршенді және дизельді электр станцияларын пайдалану, жөндеу және баптау саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға бағытталды, бұл энергетикалық жабдықтың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.