"Schneider Electric" оқу зертханасы
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының А437 кабинетіндегі Schneider Electric зертханасы студенттер автоматтандыру, электрмен жабдықтау және энергияны басқару саласындағы озық технологияларды игеретін заманауи білім беру кеңістігі болып табылады.
Зертхананың негізгі мақсаты – өнеркәсіпте, энергетикада және құрылыста кеңінен қолданылатын Schneider Electric жабдықтарымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Зертхананың негізгі ерекшеліктері:
Ғимараттар мен өндірістік объектілерді автоматтандыруға арналған жабдықтар;
EcoStruxure, PL7, Unity Pro бағдарламалық орталары;
PLC, контроллерлер, сенсорлық панельдер және визуализация құралдары бар оқу стендтері;
Сандық шешімдерді әзірлеу, сынау және енгізу мүмкіндіктері.
Зертхана курстық және дипломдық жобаларды орындау, зертханалық сабақтарды өткізу және инженерлік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін белсенді түрде пайдаланылады. Бұл студенттер заманауи технологияларды энергия мен автоматтандырудың нақты мәселелеріне қолдануды үйренетін кеңістік.