АЭжБУ БАО-нда «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» курсы басталды
04.09.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» курсы бойынша сабақтар басталды.
Оқыту 2026 жылғы 31 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.
Курс бағдарламасы технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған, оның ішінде қазіргі заманғы бақылау, басқару және автоматтандыру жүйелерін меңгеруді қамтиды, бұл өндірістік процестердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.