АЭжБУ БАО-нда «35–500 кВ элегаз ажыратқыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» курсы аяқталды
28.08.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «35–500 кВ элегаз ажыратқыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» курсы бойынша сабақтар аяқталды.
Оқытудан «АлЭС» АҚ (Алматы электр станциялары) өкілдері өтті.
Курс бағдарламасы жоғары кернеулі элегаз ажыратқыштарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға бағытталды, бұл электр желілерін пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.