Біліктілікті арттыру орталығында «Релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика» курсы сәтті аяқталды
17.07.2026
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ Біліктілікті арттыру орталығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мамандарына арналған «Релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика» курсы сәтті аяқталды.
Оқытуға Қазақстанның жеті өңірінен келген 12 тыңдаушы қатысты. Бағдарлама релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын пайдалану, баптау және техникалық қызмет көрсету саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталды.
Оқу барысында қатысушылар релелік қорғаныс жүйелерін құрудың заманауи қағидаларын, РҚА құрылғыларын пайдалану және реттеу ерекшеліктерін, электр энергетикасы нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету әдістерін, сондай-ақ энергия жүйелеріндегі апаттық режимдердің алдын алу және оларды жою мәселелерін меңгерді.
Практикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Тыңдаушылар практикалық тапсырмаларды орындап, электр энергетикасы нысандарында тиімді жұмыс істеуге қажетті білімдері мен дағдыларын жетілдірді.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Осындай бағдарламалар энергетика саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға және электр энергетикасы нысандарының сенімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.