«Электр станциялары мен тарату құрылғыларының электр жабдығын техникалық қызмет көрсету және жөндеу» курсы басталды
20.07.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (ЭБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «Электр станциялары мен тарату құрылғыларының электр жабдығын техникалық қызмет көрсету және жөндеу» курсы бойынша сабақтар басталды.
Оқытудан «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС мамандары өтуде. Бағдарлама электр станциялары мен тарату құрылғыларының электр жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға бағытталған, бұл энергетикалық нысандардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.