АЭжБУ БАО-нда «Python (Django) + SQLite тілінде веб-бағдарламалау» онлайн-курсы басталды
20.08.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «Python (Django) + SQLite тілінде веб-бағдарламалау» онлайн-курсы бойынша сабақтар басталды.
Оқытудан «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ өкілдері өтуде.
Курс бағдарламасы Django фреймворкі мен SQLite дерекқорын пайдалана отырып, Python бағдарламалау тілінде веб-әзірлеу бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге бағытталған, бұл ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.