АЭжБУ БАО-нда «Электр цехі бастықтарын жөндеу жұмыстарын дайындау және ұйымдастыруға оқыту» курсы аяқталды
21.08.2026
ғылым
білім
курстар
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында «Электр цехі бастықтарын жөндеу жұмыстарын дайындау және ұйымдастыруға оқыту» курсы бойынша сабақтар аяқталды.
Курс бағдарламасы электр цехтары басшыларының электр жабдығына жөндеу жұмыстарын жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталды, бұл энергетикалық нысандарды пайдаланудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.