АЭжБУ БАО-нда біліктілікті арттырудың төрт курсы аяқталды
11.09.2026
Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Біліктілікті арттыру орталығында бірден төрт білім беру бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды.
Тыңдаушылар келесі курстардан өтті:
«Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру»;
«Заманауи электр энергетикасы жағдайында энергожүйені жедел-диспетчерлік басқару»;
«Деректерді берудің сымсыз желілерін жобалау және қызмет көрсету»;
«ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек заңнамасының негіздері».
Бағдарламалар энергетика және телекоммуникация салаларының мамандарының біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек заңнамасына қатысты өзекті талаптарды меңгеруге бағытталды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.